Хаттама №4
Күн тәртібінде:
1) Наурыз мерекесінде ұйымдастырылатын мерекелерге демеушілер ұйымдастыру.
2).Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды:Мектеп директоры Х.А.Усейнова қамқоршылық кеңес мүшелеріне мектептегі сабақтың оқытылуы жайлы айта отырып, биылғы жылғы 8-наурыз мерекесінде «Өнегелі ана,өнерлі қыз» байқауы ұйымдастырылып, сол байқауға қатысушыларға демеушілік көрсеткен Қамқоршылық кеңес мүшесі Нурланбек Орынбаевқа және ауыл азаматы Елжас Сүттімбетовке алғысы шексіз екендігін айтып өтті.
Енді алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шарағада демеушілер керек екендігін айтты.
Сөз кезегін алған Қамқоршылық кеңес мүшесі Р.Үсенбекова: 8-наурыз мерекесінде өткен «Өнегелі ана,өнерлі қыз» байқауы жоғары деңгейде өткенін болашақта осындай тәрбиелік іс-шаралардың көптеп өтілуінің маңыздылығына тоқтала отырып алғысын мектеп қжымына да, ауыл азаматтарына да алғысын білдірді. Наурыз айында мектеп ауласына сенбіліктер жасап көшеттер егілсін деген ойын айтып өтті.
Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп тіршілігімен танысып мектептің кейбір жерлерін жөндеу керектігін ортаға салып ұсынысын барлық мүшелер қолдады.Жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе төмендегіше шешім қабылданды:
Шешім:
1)Наурыз мерекесін өткізуге демеушілер ұйымдастырылсын.
2) Наурыз мерекесі қарсаңында мектеп ауласы абаттандырылсын.
Қамқоршылық төрағасы : Ж.Оринбаев
Хатшы: Б.П.Тасхожаева