Усейнова Халипа Абдуайтқызы

Өмірбаян
Мен Усейнова Халипа Абдуайтқызы 1963 жылы 24 шілде Оңтүстік Қазақстан обылысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде дүниеге келдім. 1973 жылы Ш.Уалиханов атындағы мектепке 1- сыныпқа қабылданып 1980 жылы осы аталған мектепті бітіріп Алматы қаласындағы Қыздар педагогикалық иниститутын физика математика факультетіне оқуға түстім. 1984 жылы иниститутты бітіріп 1983 жылы Усипбеков Мықтыбекке тұрмысқа шықтым. Отбасымда 2 ұл, 2 қыз бар.
Ұлым Усипбеков Ғалымжан 1986 жылы туылған.
Ұлым Усипбеков Мейржан 1988 жылы туылған.
Қызым Усипбекова Райхан 1990 жылы туылған.
Қызым Мықтыбек Аружан 2002 жылы туылған.
1985 жылдың 25-қаңтарында Шкалов атындағы қазіргі Бекбосынов атындағы мектепке математика пәні мұғалімі болып қабылдандым.
1986 жылы «Ленинский путь» атындағы орта мектепте 1990 жыл аралығында мұғалім болып жұмыс жасадым. 1990 жылы №38 Абай атындағы жалпы орта мектепке математика мұғалімі болып орналастым. 2007 жыл 10 қаңтардан бастап директорлық қызметке тағайындалдым. Қазіргі таңда осы аталмыш мектепте қызметімді жалғастырудамын.
Х.А.Усейнова